Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Айдын Айымбетов – Ғарышқа ұшқан үшінші қазақ

7033
Айдын Айымбетов – Ғарышқа ұшқан үшінші қазақ - e-history.kz

Оның ғарышқа ұшуы Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде беделін көтерді. Осы оқиғадан кейін еліміздің ғарышкерлері дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Қазақтың ғарышкер ұлы кеше 51-туған күнін тойлайды.

Айдын Айымбетов кім? 

Айдын Айымбетов – Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ғарышта болған үшінші қазақстандық ғарышкер, тәуелсіз Қазақстанның туы астында тұңғыш ұшқан. Ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Талды-Қорған ауданындағы Заря коммунизма ауылында (қазіргі Жетісу ауданы, Өтенай ауылы) дүниеге келген. 

Айдын Айымбетов өзінің ғарышқа қызығуы балалық шақта басталғанын айтады. Ол әкесі екеуі жазғы шөп шабу кезінде жаңа шабылған шөптің үстінде жатып аққан жұлддызды көреді. Әкесінен сұрағанда бұл құбылысты оған түсіндіріп береді. Сонда Айдын ғарыштың не екенін білгісі келіп, оған қызығушылығы оянады. Осылайша бала кездегі ғарышкер болу арманы есейгесін оны ғарыш әлеміне алып келді. Ғарышкер болу үшін алдымен ұшқыш болуың керек еді. Одан бөлек білімде керек болатын. Мұны түсінген баоа Айдын мектепті үздік тәмамдайды. Содан кейін ұшқыш болу үшін 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітіріп, ұшқыш-инженер біліктілігін алады. 

Одан кейін ол Қазақстан Әскери-әуе күштері қатарында «Барсы Жетісу» авиабазасында қызмет етеді. 1993 жылы ол ғарышкерлер корпусына қабылдау туралы өтінішін береді. Бірақ бұл уақытта Кеңес Одағы ыдырап, арманы жүзеге аспай қалады. Ұшуға мүмкіндігі болмайды. Өзі бұл туралы отандық БАҚ беттеріне берген сұқбатында былай деп еске алады.

„Аэроғарыш комитетіне ғарышкерлер қатарына қосылу туралы алғашқы ресми өтінішті 1993 жылы ұшу мектебін бітіргеннен кейін бердім. Ғарышкер болу бала күнгі арманы еді. Мен осыған жылдар бойы саналы түрде бардым. Өмір бойы дайындалдым. 2000 жылы медициналық комиссиялардан өте бастадым, 2003 жылы Ресей ғарышкерлігіне кандидаттар қатарына оқуға жіберілдім, Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өттім. Алғашқы рейс 2009 жылы жоспарланған болатын, бірақ әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан ол кейінге шегерілді. Сондықтан 2009 жылы Қазақстанға оралып, Ғарыш агенттігінде жұмыс істей бастадым. Космонавтика саласында бірегей білім алған соң, мен Қазақстанда ғарыш қызметі енді ғана дамып келе жатқандықтан және кадрларға деген қажеттілік туындағандықтан, өзімді Қазақстанда пайдалы боламын деп шештім“, - дейді ол.

 

Описание: Айдын Айымбетов туған күнін Жұлдызды қалашықта атап өтеді

inform.kz

 

Ол ғарышқа ұшу мүмкіндігін 22 жыл күтті

Иә, Айдын Айымбетов алғащ өтініш бергеннен кейін де ғарышқа ұшуды 22 жыл күткен. Осы жылдар аралығында ол көкке самғау арманынан адаспады. Соңына дейін күтті. 

Өзі бұл туралы: „Әрине, күттім. Ешқандай кепілдік болған жоқ. Қазақстанда ғарыш қызметі дамып, келесі қазақ ғарышкері ұшады деген сенім болды. Отбасым, балаларым бар еді оларды 90 мың теңге айлықпен асырау оңай болған жоқ. Пәтерімнің бағасы 100 мың болатын. Тек отбасым мен жақындарының сенімі мен қолдауы қиындықтарды жеңуге көмектесті. Олар мен үшін мақсатқа жетудің қаншалықты маңызды екенін білді“, - дейді.

2001 жылы Қазақстан ғарышкерлерінің алғашқы отрядына қабылдау жарияланды. Айымбетов бірден қабылдау комиссиясына арыз жазды. Медициналық тексеруден, тестілеуден өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссия оны еліміздің ғарышкерлер корпусына енгізуге ұсыныс жасады. 2003 жылы Айдын Ақанұлы жалпы ғарыштық жаттығуларды бастады. 2005 жылы ол емтихандарды өте жақсы тапсырды, оған «сынақ-ғарышкер» біліктілігі берілді, бұл оған ғарыш кемесінде зерттеуші-ғарышкер, бортинженер, экипаж командирі ретінде ұшу құқығын берді. 

2005 жылдан 2009 жылға дейін Халықаралық ғарыш станциясының мамандығы бойынша оқытудың екінші кезеңі өтті. 2008 жылдың күзінде Айымбетов 2009 жылдың 30 қыркүйегіне жоспарланған ғарышқа ұшуға үміткерлер қатарына қосылды. Бірақ қаржылық мәселелерге байланысты Қазғарыш өзінің ғарышкерінің ХҒС-қа ұшуын тоқтатқан.

Бұл елге 30 миллион доллар шығын әкелетін еді. Республикалық бюджет комиссиясы мұны қол жетпес қаржы деп шешті. 

«Ұшудың күтпеген кешігуінен кейін күткен жылдар ең қиын кезең болды», - дейді Айдын. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айымбетовке бірден Қазғарыш жүйесіне жұмысқа орналасуды ұсынды. Айдын Айымбетов бұл ұсынысты қабыл алып, бірінші жылы Қазғарыштың орталық аппаратында жұмыс істеді. Келесі бес жыл ішінде Айдын ғарыш ғылымы саласында, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ (NCKIT) ғарыштық зерттеулер институтында жұмыс істеді. 

2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ә.Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.

Уақыт өтіп, Айдын күн сайын ұшуға ойша дайындалып, ғылыми ізденістермен айналысып, Қазғарыштың жаңа жобаларына қосылып, Астанадағы Оқушылар сарайында өзі құрған жас ғарышкерлер мектебіндегі шәкірттердің жетістігіне қуанып отырды. Осылайша алты жыл өтті.

Ғарышқа ұшу перспективасы 2015 жылдың мамыр айында британдық әнші Сара Брайтман қатысушы ретінде «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесіне ұшудан бас тартқан кезде пайда болды. 2015 жылдың шілдесінде Айымбетов экипажға 2-бортинженер болып бекітілді.

egemen.kz

Айдын Айымбетов ғарышқа қашан ұшты? 

Қазақтың үшінші, Тәуелсіз еліміздің бірінші ғарышкері 2015 жылғы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінде командир Сергей Волков пен 1-бортинженер Андреас Могенсенмен брге көкке көтерілді. Экипаж Жерге 12 қыркүйекте 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секундтан кейін оралды. Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан тұңғыш Қазақстан Республикасының азаматы атанды. Қазақстан мен Роскосмос арасындағы ғарышкердің ұшуы туралы келісім-шарт құны бір миллиард жүз миллион рубльді құрады. 2016 жылдан бастап Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Бұл – Халық Қаһарманының балалық арманын жүзеге асыру жолы еді. Айымбетов мақсатқа жақындатқан әрбір қадамын табандылықпен, мақсатты түрде еңсерді. 

 

Табиғаттың тамаша дауысын естисіз

10 күнге жуық уақыт ғарышта болған Айдын Айымбетов алғаш ғарыштан Жерді көрген сәтін былай деп еске алады:

„450 шақырым қашықтықтағы ең әдемі әсер – Жердің көрінісі. Кең ғарыштың қара тұманында - бүкіл Тіршіліктің көк інжу-маржаны Жер көрініп тұрады“, - дейді ол.

Айдын Айымбетов ғарыш сапарында өзінің не сезінгенін былайша сипаттайды:

«Жердегі өзіңізді табиғаттың басты патшасы ретінде сезінсеңіз, кеңістікте  шаң ғана екеніңізді түсінесіз. Сіз табиғаттың бір бөлігісіз. Біз экожүйемен бір болуымыз керек. Бізсіз ол аман қалады. Ол болмаса, біз өмір сүрмейміз. Әрқайсымыз ортақ нәрсенің бір бөлігіміз. Ал біздің ешқайсымыз ерекшеленбейміз. Бір бүтіннің бір бөлігі ғанамыз. Мен отбасыны, достықты көбірек бағалай бастадым. Кезінде мен де миллионер болғым келетін, бірақ қазір мен үшін ең бастысы жеке қарым-қатынас, маңыздысы осы“, - дейді Айдын Айымбетов.

10 күннен соң Жерге қайтып келгеннен кейін де ол табиғаттың тамаша тіршілігін сағынғанын айтады.

„Жерге қонған кезде, люкті ашқанда, біз Жерде байқамайтын дала ауасымен өкпеңді толтырғанда,  хош иістердің және дыбыстардың барлық байлығы мен дүрбелеңін өткір сезінесіз. Ғарышта бұл темірдің, машина майының иісі, ал мұнда табиғаттың өзі, өмірдің өзі - дала шөптерінің, жердің иісі, құстардың әні, шегірткелердің сайрауы тамаша“, - дейді ғарышкер.

Ғарышкер енді алған білімі мен тәжірибесін ел иглігіне жұмсамақ ниетте.

„Ғарышқа ұшу мүмкіндігі миллиондаған адамның ішінде маған бұйырғаны тағдырға ризамын. Ғарышта алған білімім мен тәжірибемді елімнің игілігіне тиімді пайдалану – азаматтық және адамдық борышым“, - дейді ол.

Айдын Айымбетов – мұратқа, арманға, туған елге шынайы адалдықтың жарқын үлгісі. Ол қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында қалаған биіктерге жетуге болатынын көрсеткен тұлға. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?