Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Аида Балаева: Айтматовты ұлықтау – түркі жұртына ортақ іс

1738
Аида Балаева: Айтматовты ұлықтау – түркі жұртына ортақ іс - e-history.kz
Астанадағы Ұлттық кітапханада әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Айтматов тағылымы» атты халықаралық форум өтіп жатыр

Астанада Абай Құнанбаевтың өзбек тіліне аударылған кітабы таныстырылады Бейжіңде Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы атап өтілді Оралда ақын Закария Сисенғалидың жыр кеші өтті Заңғар жазушының мерейтойына арналған бұл жиынды ҚР Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырып отыр.

«Халықаралық Түркі академиясы биылғы жылды Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялаған еді. Бүгінгі форумды қазақ-қырғыз зиялыларының бейресми форумы деп айтуға болады. Себебі, бүгінгі жиынға Қырғызстаннан беделді мемлекет қайраткерлері, ақын жазушылар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі жиында Айтматовтың шығармаларымен бірге, Алатаудың екі бетін  бөлісе жайлаған бауырлас халықтарға қатысты пікірлер айтылады», - деп атап өтті Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі форумның ашылуында.

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Алатауды бірге жайлаған қос елдің достығын нығайту жолындағы еңбектері үшін қырғыз бен қазақ қайраткерлеріне ризашылығын білдірді.

«Айтматов шығармаларымен тұтас буын тәрбиеленді. Оның нағыз өмірден алынған кейіпкерлері мен оқиғалары әрбір оқырманға етене жақын. Қаламгер туындыларының өзектілігі қазіргі заманда тіптен арта түседі. Адамның жан дүниесінің тазалығы, ойы мен ісінің үндестігі, табиғатпен үйлесімді болуы – қазіргі уақытта бүкіл адамзаттың алдындағы проблемалар. Терең философиялық мағынасы бар Айтматов туындыларының түпкі идеясы Рухани жаңғыру бағдарламасымен үндесіп жатыр. Осындай ұлы қаламгерді халықаралық деңгейде ұлықтау – тұтас түркі жұртының елдігі мен бірлігіне лайық іс», - деді Аида Балаева халықаралық форум барысында.

Аида Балаева Шыңғыс Айтматов мерейтойының Астанада бастау алуының ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті. "Екі елдің рухани бірлігіне ұйытқы болатын - осы отырған біздер. Екі халықтың арасында шынайы сыйластық пен құрмет болса ғана, біздің достығымыз мәңгілік болмақ. Сол себепті қазіргі қатынастарды одан әрі жандандыра беруіміз қажет", - деп өз сөзін түйіндеді А. Балаева.

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз АКСР Шекер ауылында дүниеге келген. Оның "Әшім" атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін "Аспалы көпір" (1956), "Бетпе бет" (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі "Жәмила" повесі (1958) болды.

Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды.

Айтматов "Тау мен дала хикаясы" атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлықты алды. "Қош бол, Гүлсары" (1967), "Ерте кеткен тырналар" (1975) повестері, "Боранды Бекет" романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды. 14 маусымда Бішкек қаласының шетіндегі «Ата-Бейит» тарихи-мемориалдық кешенінде жерленді.

Шыңғыс Айтматовтың мерейтойы бірқатар түркі елдеріне кеңінен тойланбақ. 20 сәуір күні Анкарада ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Шыңғыс Айтматов жылы ашылды.  Өзбекстанның ұлттық кино агенттігі Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармасының желісімен көркем фильм түсіреді. 

 

http://www.inform.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?