Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ киносы Ақмолада

2103
Қазақ киносы Ақмолада - e-history.kz
NDH порталы 20 жыл бұрын Астанада орын алған оқиғалар тізбегін жариялауын жалғастырады. Жаңа астана экономика мен ғылымның ғана жылдам дамуымен мақтанып қана қоймады. Бұдан бөлек өнерде сырт қалмады

NDH порталыосыдан 20 жыл бұрын Астанада орын алған оқиғалар тізбегін жариялауын жалғастырады. Жаңа астана экономика мен ғылымның ғана жылдам дамуымен мақтанып қана қоймады – бұлардан өнер де сырт қалған жоқ.

Өз бастауын Алматыдан бастайтын қазақстандық киноиндустрия жаңа астанаға қарай бет бұрды. Енді, міне, қазақ киносының жаңа толқыны Ақмола көкжиегіне де келіп жетті. «Қазақ киносы - астанаға» атты ақмолалық фестивальге Алматыдан кино өнерінің қайраткерлері, режиссерлер, операторлар, сценаристерден және актерлерден құралған делегация келді. Ешкімге бұндай жағымды миссияны жүтеместен, олар өздерінің жаңа жұмыстарын ақмолалықтарға көрсетуді шешіпті. Фестивальдің салтанатты ашылуы алдында Ақмола қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджановтың ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті. Қызметтік міндеттерін енді ғана орындауға кіріссе де, фестиваль өткізуге идея ұсынған да осы кісі екендігін де айта кеткен жөн. Бұның өзі кездейсоқтық емес. Талантты композитор, белгілі қоғам қайраткері Т.Мұхамеджановтың киноға да тікелей қатысы бар, бұны «Полигон» фильмі үшін алған мемлекеттік сыйақысы және республиканың киноөндірісіне белсенді қатысуы да дәлелдейді. Егер де, фестиваль қатысушыларының көпшілігі Т.Мұхамеджановтың әріптестері мен жолдастары және біздің мәдениетімізді астаналық деңгейге көтеру үшін солардың көмегіне арқа сүйеді деп айтсақ артық болмас. Әрине, бұл бірден орындала қоймайды, алайда қозғалысты бастап, алғашқы қадам істеу өте маңызды. Әкімнің орынбасары алғашқы қарлығаштармен салыстырған фестивальге қарасақ, ақмолалықтарды көктемгі жаңғыру күтіп тұрған сияқты.   Фестивальге қатысушылардың көпшілігін журналистер мен көрермендер бұрынғы таныстарымыз деп айта алар еді. Олардың ішінде:  тамаша оператор, деректі кино режиссері, қазіргі уақытта Ұлттық продюсерлік орталықты басқарып отырған Ораз Рымжанов, оның орынбасары – Анар Қошағанова, Республика киноқорының директоры Сәбира Әбенова,  Кинематографтар Одағының хатшысы Серғазы Тәукелов, режиссер Болат Шәріп, актерлер – Гүлнәр Досматова, Жанна Керімбаева, «Собачье сердце» фильміндегі Шариковтың рөлін тамаша ойнап шыққан актер  Владимир Толоконников, жақында Ресейде ең үздік ер адам рөлі үшін жүлде алған  Фархад Абдраимов ( ең үздік әйел рөлі үшін жүлдені Людмила Гурченко алған). Бүгінгі қазақ киносының көтерілгендігі туралы сөз қозғаған Ораз Рымжанов сүйіспеншілігін жасырмады. Егер былтыр 5-6 картина түсірілген болса, биыл бірден 12 толық метражды жұмыс іске қосылған! Біздің республикамыз үшін рекордпен барабар. Әсіресе, мәдениетіміздің күл-талқаны шығып, «өлді» деп «күллі әлемге жар салып жоқтау» айтқан сәтте. Киносын қоймай айтқан қазақ киносының феномені, оның дәлелі – халықаралық – еуропалық фестивальдерде алған жүлделері, бұл жолы өзінің мықты көркем әлеуетін паш етіп, материалдық күшке айналған сияқты. Оның үстіне біздің таланттарымыз өздерінің іскерлік шеберліктерін де көрсетіп: ақша санауды және оны табуды үйреніп жүр. «Продюсер» ұғымы іскерлік қолданысқа да енді. Ұлттық продюсерлік орталық бірегей жобаларға белсенді түрде инвестициялар тартуда: былтыр 1,5 млн. АҚШ долларын таба алдық және де бірлескен жобалар жасауға көптеген өтінімдер түсуде.  Батыстық көрермен құлағындағы есімдердің сиқыры бар ма? бар сияқты. Қазіргі уақытта Париж кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «Жизнеописание юного аккордеониста» және «Кардиограмма» атты екі қазақ лентасын талғампаз париждіктердің көруге ұмтылуы кездейсоқтық емес шығар. Өкінішке орай, біздің шеберлеріміздің осындай жетістіктері туралы ақмолалықтар хабарсыз болып шгықты. Бірақ, енді біз де жандандыратын бұлаққа бапс қоятын сияқтымыз. Т.Мұхамеджанов жолдастарымен айтқандай, алда бізді француз, үнді, американдық, неміс, жапон және т.б. кинолар күндері аясында көрсетілімдердің тұтас сериялары, сонымен бірге, Вадим Абдрашитов жаңа лентасын көрсетпек, оған қоса, ауқымды Халықаралық еуразиялық фестиваль күтіп тұр.  Оның премьерасы күзде күтілуде, және де ол Ақмоланы айналып өтпек емес. Сонымен қатар, бұл жерде отандық фильмдер де көрсетіледі, енді Жастар сарайының киноорталыққа айналып, осы жерге заманауи проекциялық құрал-жабдықтардың қойылуы да кездейсоқтық емес. Бағыттар мен жанрлар туралы сұраққа жауап берген  О. Рымжанов, Б. Шәріп былай деді: ешкім де қандай да бір аяға тығылып қалмайды. Басты мақсат – көрерменге арналған кино. Көрерменді қайтаруымыз керек – экранның қаншалықты тартымды бола алатындығын еске салу керек. Сондықтан да музыкалық, жастар, балалар, мультипликация ленталарының үздік сценарийлеріне конкурстар сериясы қарастырылған. Экранды жаулап алған және жат этикалық құндылықтарды насихаттайтын бөтен қаһармандарды ығыстыратын кез келді. Бұл орайда белгілі жазушы Сәкен Жүнісов тарихи фильмдердің де маңыздылығын атап өтті. 70 жылдан астам уақыт біз төл тарихымыздан шетте болдық. Өзіміздің түп-тамырымызға қайта оралып, тарих пен оның кейіпкерлерінің ұлы драмасына қызығушылық тудырса – бұдан басқа нен маңызды болуы мүмкін? Сондықтан да, жазушы өзінің «Заман-ай» повесінің желісі боынша сценарий жазып, Президенттің ой салуымен «Қазақтар» эпопеясының сценарийін жазуға кірісті. Әрине, әлемге Қазақстанды және қазақстандықтарды әлемге таныстыру үшін ауқымды жоба жасау оңай емес, бірақ ойға алған бірталай шаруа, идеялар бар.  Біздің шеберлеріміздің шығармашылыққа ден қойып, іскерлік оптимизм танытуы көрерменге де үміт сыйлайды. Күш-қуат әлі де жеткілікті. Киноөндірістің проблемалары да жоқ емес, мысалы, оларды жас  продюсер, оператор, режиссер Алексей Беркович те айтып жүр.жас астана туралы бейнеклиптерді жасауға тап осы жігіт кіріскен еді. Қаламыз қонағын өз энергиясымен байрап алған еді, енді Ақмоланың қызықты деректі портретінің туатынына үміт артуға болады. Кинофестиваль барысында «Тот, кто нежнее», «Бойся, враг, девятого сына», «Шанхай», «Заман-ай» және басқа да фильмдердің көрсетілуі -Ақмола тұсаукесеріне нақты дайындық басталып кеткендігінің дәлелі.Т.Мұхамеджанов айтқандай, қала мәдениет қайраткерлері үшін магнитке айналып бара жатқандай.  

Мақаланы даярлаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспасөз қорларының материалдары қолданылды.  

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?