Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шығыста «100 жаңа есім» жобасына орай жиын ұйымдастырылды

2385
Шығыста «100 жаңа есім» жобасына орай жиын ұйымдастырылды - e-history.kz
Бүгін Өскемен қаласында Еуразиялық интеграция институты «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» деген тақырыпта ұйымдастырып жүрген сарапшылық кездесулер сериясының ІІ өңірлік дөңгелек үстелі өтті

Осы сарапшылық талқылауда Рухани жаңғыру бағдарламасындағы 6 шешуші жобаның бірі болып табылатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының Шығыс Қазақстан облысында іске асырылу мәселесіне баса мән берілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстың ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының, азаматтық секторы мен жергілікті атқарушы органдарының 40-тан астам өкілі қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева өзінің алғысөзінде бағдарламаның облыста іске асырылу барысы туралы айтып берді.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысының ғылыми-сарапшылық қоғамдастығын Рухани жаңғыру жобаларын талдау мен талқылауға белсене қатысуға, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктерін жетілдіру жөнінде сындарлы ұсыныстар беруге шақырды.

– «Мұндай кездесулер сарапшылық қоғамдастық пен мемлекеттік билік өкілдері арасында өзінше бір «сағат тілін теңестіру» рөлін атқарады. Бұл шаралар орталық пен өңірлерде жаңғыру процесінің қаншалықты қатар жүріп жатқанын, олардың қоғамда түсінілу деңгейін және жергілікті жерлерде іске асырылу сапасын анықтауға көмектеседі», – деп атап өтті Ғ. Нығыметов.

Осы шара барысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры Анар Мырзағалиева іске асырылып жатқан жобалардың ғылыми негізділігі туралы баяндама жасады. Кездесу барысында сондай-ақ: А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Бибігүл Шағиева, Шығыс Қазақстан өнер музейінің директоры Татьяна Шарбарина, ШҚО Білім беру басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Аркадий Исаев, ШҚО Білім беру басқармасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстандық ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Әсел Оспанова, сондай-ақ ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев спикерлер міндетін атқарды.

Дөңгелек үстел қорытындысында оған қатысушылар Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру процесін жетілдіру жөніндегі бірлескен ұсынымдарды әзірлеу үшін осындай форматтағы кездесулердің құнды екенін тілге тиек ете отырып, осы сұхбат алаңын ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?