Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісі әзірленіп жатыр

1339
Түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісі әзірленіп жатыр - e-history.kz

Биылғы жылдың 9-11 қыркүйегі аралығында Бакуде Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы нәтижелі өтті. 

Бұл маңызды жиынға түбі бір бауырлас елдерден Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан құрылған ортақ әліпби комиссиясының мүшелері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – екі жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде жинақталған білім мен тәжірибені пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісін әзірлеу болды. 

Жиын барысында ғалымдар алғаш рет 1991 жылы ұсынылған латын қаріпі негізіндегі «Ортақ түркі әліпбиі» жобасы жан-жақты қарастырды. Комиссия мүшелері аталған жобаны жетілдіре түсуді көздейтін көптеген ұсыныстарға қатысты егжей-тегжейлі талқылаулар жүргізіп, қажетті қорытындылар жасады. 

Осы қажырлы жұмыстың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді. Әр әріп түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбысты білдіреді.

 Бұл басқосудың осылайша табысты аяқталуын тарихи сәт ретінде бағалауға болады. Ортақ түркі әліпбиінің дамуы түркі халықтарының тілдік мұраларын сақтай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етеді. 

Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы түбі бір түркі мемлекеттерінің үкіметтері мен комиссия мүшелеріне осы үдеріске қосқан зор үлестері үшін ризашылығын білдіреді. 

Барлық тиісті мекемелер ұсынылып отырған ортақ түркі әліпбиін жүзеге асыруға белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?