Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бейбарыс сұлтан туралы жазған америкалық жазушы кім?

3245
Бейбарыс сұлтан туралы жазған америкалық жазушы кім? - e-history.kz

Сурет: www.goha.ru

Қысқа ғана ғұмырында америкалық жазушы артына мол әдеби мұра қалдырып, фантастикалық жанрдың негізін салушылардың біріне айналды. 

«Мен классикалық музыкадан гөріджазды, <...> Бальзактан Конан Дойлды, Джордж Сантаяна шығармаларынан Роберт Сервистің өлеңдерін, өнер туралы лекцияларға қарағанда бокс кешін жақсы көремін», - деп жазатын Роберт Говард жеке хаттарында өзі жайында. 

«Өркениеттілерге» деген өшпенділік жазушының шығармашылығына тән сипаттамаға айналды, көбінесе Батыс мәдениеті үшін варвар саналатын жауынгерлер туралы жазатын. Тіпті мәмлүк Бейбарыс сұлтан –  оның «The Sowers of the Thunder »/«Жалт ойнатушы» атты туындысының кейіпкері. 

Ол жоғарғы білім алмаса да, сәтті жазушы болды, бірақ тағдырының тауқіметі оған өзін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

 

Техастың баланың қиялы

Фэнтези жанрының болашақ негізін қалаушы Роберт Говард 1906 жылы қаңтарда провинциялық дәрігердің отбасында дүниеге келген. Ол өзінің балалық шағын отбасымен бірге АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы әртүрлі қалаларға тынымсыз саяхаттаумен өткізді, бұл сапар 1919 жылы әкесі сол кездегі халқы бірнеше мыңнан аспайтын Cross Plains ауруханасында лауазымға ие болғанға дейін жалғасты.

Жас Роберт мектепке жасына жеткенге дейін анасы оған үлкен әсер етті. Өйткені Боб отбасындағы жалғыз бала болды және Эстер Джейннің бар махаббаты мен қамқорлығы оған үйіп-төгілді. Бұрынғы оңтүстік құлдарының ұрпақтары болған анасының Роберт оңтүстік-батыстың синкреттік мәдениетін сіңірді. Ол негізінен афроамерикалықтардың мистикалық идеяларының еуропалық қоныс аударушылардың фольклорлық мотивтерімен қоспасы (Роберт Говардтың Жаңа әлемге келген ата-бабалары негізінен Ирландиядан болған)еді. Бобқа түнде айтылған ертегілер мен қорқынышты оқиғалар кейінірек оның мистикалық әңгімелерінен көрініс тапты.

Кросс Плейнде Говард орта мектепте оқып жүргенде құрдастарымен тіл табыса алмады. Бала кітап оқуды ұнататын, мүмкіндігінше кітаптарды іздеп табуға тырысатын(қалада кітапхана болмаған), бұл оның сыныптастарынан алшақтауына себеп болды. Роберт өз өмір салтын, яғни, өз жасындағы балалардан өзге екенін жұдырықпен қорғауға мәжбүр болды - кейінірек оның шығармаларында «күш культі» де маңызды тақырыпқа айналады. Кулл да, Конан да өтірік дегенді білмейтін және өз жолын адал сүрушілерге арналған ода. Осының аясында ол тіпті кәсіпқой бокспен айналыса бастады. Бұл хоббиге Говард  өмірінің соңына дейін әуес болады және жалпы ол әрқашан өзінің физикалық формасын сақтауға тырысады.

Роберт Говард алғаш рет өзін әдеби саласында оқушы кезінде-ақ сынап көрді; оның мәтіндері негізінен жабайы Батыс туралы болды. Туған-туыстары мен куәгерлерінен даланы жаулап алу, үндістермен қақтығыстар туралы естіген әңгімелеріне тәнті болған жас қаламгер сол кездегі қиял-ғажайып ой-қиялдарын қағаз бетіне түсірді – көбіне бұл шимайлар шынайы өмірден қашудың бір жолы болды.

 

Жас жазушы

Отбасы Роберттің хоббиіне аздап күмәнмен қарады: жазу, әрине, жақсы, бірақ ақша табу жолын іздесе жақсы болар еді. Жас жігіт бұл тұжырыммен келіспеді және 15 жасында ол өз өмірін шығармашылықпен байланыстыру туралы шешім қабылдады. Мектепте оқыған соңғы жылы Боб көршілес Браунвуд қаласындағы мектеп-интернатқа ауыстырылды: сол жерде жас жазушы мектеп газетін шығаратын өзімен пікірлес шығармашыл адамдармен кездесті. Шындығында, Говардтың жазушы ретінде дебюті сонда өтті - 1922 жылы сол жердің газеті жабайы Батысқа арналған екі әңгімесін жариялады. Роберт Браунвудта тапқан таныстарынмен қатынасты өмірінің соңына дейін сақтайды.

Кросс Плейнске оралғанда ол биік шыңдарды бағындыруға тырысу керек екенін түсінді. Дәл 1923 жылы фантастика  жанрындағы журналдардың арасында жас жігіттің мүдделерін қанағаттандыратын басылым пайда болды. 1924 жылы стенографтар курсында оқып жүргенде Роберт сол жерге өзінің «Найза мен азу» повесін жібереді, оны редакция қабылдап, басып баспаға жіберді. Күні кеше мектеп бітірген он сегіз жасар бала үшін бұл үлкен жетістік болды.

Осы ықпалмен бала оқуын тастап, жазу арқылы лайықты табыс табамын деген үмітпен туған қаласына оралды. Дегенмен, бұл жоспары тым оптимистік еді: жас журнал авторларға аз төледі және қаламақысы тұрақты бермеді. Сондықтан Роберт әдебиеттегі өмірін тоқтата тұрып, дәріханада сатушы боп істеді.

 

Атаққа бөлену

Бірнеше жыл бойы ол күндерін әртүрлі жұмыстарда өткізіп, түнде фантастикалық әңгімелер жазды. Әрине, шығармашылықпен айналысу үшін уақыт тапшылығы сезілетін. «Қорқынышты әңгімелері» бірінші жарияланғаннан бері қаржылық жағдайы  жақсарды, бірақ төлемдер отбасылық шығындарды өтей алмады – Роберттің анасы жиі ауырып, күтімді қажет етті. Өзі күні-түні жұмыс істеген жазушының әкесі қолдауға мұқтаж, сондықтан ұлына бір шарт қойды: әдебиет бір жылда тұрақты табыс әкелмесе, онда ол басқа мамандық табуға мәжбүр болады.

Қиын жағдай Роберттің әдебиетке деген ынтасын одан әрі арттырды. Келесі бірнеше жыл ішінде ол журналдағы басты жазушылардың біріне айналды. Әсіресе, зұлымдыққа қарсы күрескен XVI ғасырдағы ағылшын пуританы Соломон Кейннің әңгімелері танымал болды. 1930 жылдардың басында Роберт Говард тек әдебиетпен айналысты: гонорар оның жайлы өмір сүруін қамтамасыз етті, ал әкесі ұлына риза болғаны сонша, ол достарының адында баласының жетістіктерімен жиі мақтанатын. Шынында да, Американың провинциялық қаласында осылайша ақша табу – бұл ертегіге парапар.

Техастан келген жас таланттың жетістігі тек баспалардың ғана емес, құрметті жазушылардың да назарын аударды. 1930 жылы Роберт Э.Говард Wierd Tales журналында жарияланған Х.П.Ловкрафттың «Қабырғалардағы егеуқұйрықтар» атты әңгімесіне шолу жазды. Журнал шығарушысы шолуды Лоавкрафтқа жіберді, ол фанатқа өзі жауап беруге шешім қабылдады. Осылайша жазушылар арасындағы ұзақ хат алмасу басталды, бұл байланыс 1936 жылы Роберт Говард қайтыс болғанға дейін созылды.

Әріптестер жеке хаттарында тек кәсіби тақырыптарды ғана емес, сонымен қатар философиялық мәселелер жөнінде де әңгімелесті. Лавкрафт барлығы өркениет үшін болды және бұл жақсы нәрсе деген идеяны қорғаса, Говард прогресске күмәнмен қарады, адам өмірінің «тарихқа дейінгі» және «варварлық» көріністерін артық көрді. Роберт өз әңгімелерінің бірінде өз ұстанымын былайша тұжырымдаған: «Варварлық – адамзаттың табиғи жағдайы. Өркениет табиғи емес. Бұл жағдайдың еркі. Ал варварлық әрқашан жеңіске жетуі керек». Көзқарастардағы айырмашылықтарға қарамастан, Лавкрафт пен Говард бір-бірімен жақсыболды, Роберттің өлімі америкалық қорқынышты әңгімелер шеберіне қатты әсер етті.

 

Дағдарысқа түскен дарын

Роберт Говард үшін күтпеген жерден қиындық туды. Ұлы Депрессия штаттардағы басылымдарға қатты әсер етті, Weird Tales гонорарды тұрақты төлемеді. Жазушы Ұлыбританияға сәтті шығармалар жинағын жіберу арқылы өзін басқа нарықтарға ашуға тырысты, бірақ текандық мистиканың ерекше стилі онда оқырман таппады.

Роберттің жеке өмірінде де жағдай жақсы болмады. 1933 жылы ол Кросс Плейнске келген жас мұғалім Новалин Прайсты кездестірді. Олар ортақ достарының бірі арқылы танысқан. Жастарды әдебиетке деген сүйіспеншілік біріктірді: олар бірнеше сағат бойы оқыған кітаптарын талқылайтын, сонымен қатар Роберт Новалиннің жазушылық жетістіктері туралы біліп, оның шығармашылығына қатты қызығушылық танытқанына риза болды. Олар тамаша жұп сияқты көрінетін. Алайда, Говардтың анасы ұлының дос қызына қызғанышпен қарады және уақыт өте келе жастардың әдебиетке деген көзқарасы әртүрлі екені белгілі болды. Англосаксондық классиканы оқып өскен Новалин мұның фантастикаға деген сүйіспеншілігін түсінбеді. Ақырында, олардың қарым-қатынасы шынымен басталмай тұрып аяқталды. Ондаған жылдардан кейін Новалин Прайс жазушымен қарым-қатынасына арналған естеліктерге толы «Жалғыз жүрген адам» кітабын шығарады.

Өмірінің ең қиын кезеңінде Роберт Говард өзінің ең танымал кейіпкерін дүниеге әкелді. 1932 жылы желтоқсанда «Қылыш үстіндегі Феникс» хикаясы «Қорқынышты әігімелердің» келесі санында пайда болды, оның басты кейіпкері жауынгер Конан, өзіне қарсы қастандықтармен күресуге мәжбүр болған Аквилония қиял патшалығының билеушісі болды. Конан бейнесі жазушы дүниетанымының квинтэссенциясы болды: автордың жабайылыққа таңданысын бейнелейтін жабайы қаһарман өркениеттің қараңғы жақтарын үнемі кездестірумен болды, бірақ оның ізгі қасиеттерінің арқасында шайқастардан жеңіске жетті. Жазушыны өзінің жаңа кейіпкерінің баурап алғаны соншалық, ол тіпті бүкіл ғаламды құрды: Конан туралы әңгімелердің кейіпкерлері Хаброей дәуірінде өмір сүрді - ойдан шығарылған тарихқа дейінгі кезеңде, оның сипаттамасы Говардтың әртүрлі әлемдік мәдениеттер туралы идеяларын араластырды, келттерден бастап Таяу Шығысқа дейінгі жерлерді қамтығаны анық.

Уақыт өте Говард өзінің жанрына деген қызығушылығын жоғалтып, вестерндерге ауысты. Жанрдың өзгеруіне нарықтық жағдай да әсер етті - танымал журналдарға жұмыс істеу автордан оқырманға түсінікті тақырыптарда жазуды талап етті. 

 

«Мереке аяқталды, шамдар өшті»

Экономикалық дағдарыстың салдары, Новалин Прайспен екі жаққа кету және отбасындағы қиын жағдай жазушының психологиялық саулығына қатты әсер етті. Ол әсіресе ауруханаға түскен анасының дертін уайымдады. Әдебиет арқылы шындықтан қашу қиындай түсті.

Табиғатынан максималист, Говард суицид туралы жиі ойлана бастады. Мектепте оқып жүрген кезінің өзінде достарына қарттықтан қорқатынын, жас өлгісі келетінін айтқан. Тұрақсыз психологиялық жағдай Роберттің әкесімен және таныстарымен қарым-қатынасында бұл тақырыпты көбірек көтере бастағанына себеп болды. Жазушыны 1936 жылы маусымда анасының кезекті госпитализациясы ақыры сындырды – ол туберкулезбен ауырды, дәрігерлер көп ұзамай өлетінін айтты.

Жазушы сол жылы маусым айының басында зираттан отбасы үшін жер телімін сатып алды. 11-і күні дәрігерлерден анасының тірі қалуға мүмкіндігі жоқ екенін білген жазушы (ол терең комаға түскен) өзін атып өлтіреді. Роберт «мереке бітті, шамдар өшті» деген сөздермен аяқталатын өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырды.

Мереке Говард үшін аяқталғанымен, оның кейіпкерлері үшін қыза түсті. Конан мен Соломон Кейннің танымалдылығы уақыт өте келе өсті, ал сыншылар жазушыны қылыш пен сиқыр жанрының негізін қалаушылардың бірі деп атай бастады. БұлТолкиеннен ондаған жылдар бұрын. XX ғасырдың екінші жартысында Роберт Ирвин Говардтың кітаптары комикстерді жасау және фильмдер түсіру үшін пайдаланылды.

Говардтың «Жалт Ойнатушы» туындысының эпиграфындағы соңғы жолдары

 

«Бейбарыс туралы баллада»

The Ballad of Baibars (aka Fill Up My Goblet)

   Fill up my goblet; let the rafter ring;

   I'll drown the laughter of the ghostly king,

   Who died by Gaza's walls to bar my way,

   Which made all life seem blind and misty-grey -

   Fill up the goblets, smite the golden string

   And greet Tomorrow's spectral challenging

   With laughter of Today.

  

   I'll drown the laugh of the ghostly king

   Who died in the desert to bar my way.

  

   The sound of giant laughter

     Across the desert came,

   And ruin ran before it,

     And iron winds and flame.

  

   The sound of giant laughter across the desert came,

   And ruin ran before it, and iron winds and flame.

  

   Iron winds and ruin and flame,

   And a Horseman shaking with giant mirth;

   Over the corpse-strewn, blackened earth

   Death, stalking naked, came

   Like a storm-cloud shattering the ships;

   Yet the Rider seated high,

   Paled at the smile on a dead king's lips,

   As the tall white horse went by.

Роберт Ирвин Говардтың шығармашылығы фантастикалық жанрда өте ауқымды болды және оның тұтас жанр – қаһармандық жанрды құрудағы сіңірген еңбегін жоққа шығару мүмкін емес. Кім біледі, автордың құрметі артып, анасы ауыр хәлге түспегенде, мүмкін тың әңгімелер жарық көріп, құдіретті әлемінің шытырман оқиғалары жалғасын табар ма еді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?