Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Abai tv» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады

1801
«Abai tv» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады - e-history.kz
Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы Baq.kz АА сілтеме жасап.

Министрлік отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша дәйекті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта биыл екі жаңа «Абай ТВ» және «Әл – Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылуда. «Абай ТВ» телеарнасын ертең - 30 маусымда іске қосамыз. Ол «Қазақстан» ТРК құрамына кіреді және отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа арна болады, - деді Аида Ғалымқызы.

Министрдің айтуынша, екінші «Әл – Фараби» тележобасы «Хабар» агенттігінің базасында оқу жылының басында іске қосылады.

«Әл-Фараби» арнасы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясы бар жаңа білім беру – ағарту телевизиялық платформаға айналады. Мұндай арнаның өзектілігі әсіресе, пандемия кезінде байқалды, - деді ол.

Аида Балаева сондай-ақ, отандық сериялдық өнімдер өндірісі жалғасатынын айтты. 

Биыл 42 сериал өндірісі жоспарланған. Көрермендер назарына отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар ұсынылады, - деді ол.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?