Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Уақытсыз құндылықтар

2735
Уақытсыз құндылықтар - e-history.kz
Тәуелсіздік — біздің басты құндылығымыз, өз жері мен тағдырының қожасы болуға құқығы үшін көпғасырлық күресте қазақ халқының жеңіс салтанаты.

Ұзақ күрестің соңы

-Әрбір елде Тәуелсіздік күнін өздігінше атап өтеді. Бірақ қай мемлекетті алсақ та, әрбір жерде бұл күн күнтізбеде азат, азаматтық әлем мейрамы сияқты тұр.екі айдан соң қазақстандықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлайды. Оқырмандар үшін тарихқа қысқа шолу жасайық және егемендікті алуы не болжағанын көрейік.

Тәуелсіздік — біздің басты құндылығымыз, өз жері мен тағдырының қожасы болуға құқығы үшін көпғасырлық күресте қазақ халқының жеңіс салтанаты. Тәуелсіздік бізге ең алдымен — еркіндік пен таңдау құқығын берді. «Мемлекет егемендігі — бұл ой мен халық жанының ең үздік мектебі, оның басты жетістіктерін сақтаудың жалғыз құралы» — деп классиктердің бірі елдің тәуелсіздік басымдылықтары туралы айтқан болатын. Егемендіктің жиырма жылы ішінде қазақстандық қоғамда үлкен өзгерістер болды. Егемендікті алғанның бірінші жылдары біздің халық үшін жеңіл болған жоқ. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тәуелсіздік мемлекетті құру стратегиясы айқын жетістікпен аяқталды. Тәуелсіздік әрбір қазақстандыққа жеке кәсіби өрлеуге мүмкіндік берді. Ғалымдарда бұрынғы идеологиялық орнатудан бос ғылыми шығармашылық үшін кеңістік пайда болды. Қазақстанның Астанасында әлемдік ауқымда оқиғалар өткен кезде, көбіміз өз елі үшін мақтаныш пен оның тағдырына ортақтастығын сезінді. Бұл тұрғындар арасында патриоттық көңілдің ерекше шалпын шақырды, оны біріктірді. Сонымен қатар, ұлттық тарих үшін маңызды басқа мерекелермен қатар келгендіктен, тарихи күндер күнтізбесінде «Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы» символды болып келеді. Қазақ хандығының 545 жылдығы (1456 жыл), Бөкей Ордасының құрылуына 200 жыл, 1916 жылғы қазақ халқының патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа 95 жыл, Абылай ханның 300 жылдығы, Алаш қозғалысының басшысы мен идеологы Әлихан Бөкйхановтың 145 жылдығы туралы сөз қозғалуда. Хронологияға үңілсек, осы тізімді бұдан әрі жалғастыруға болады. Барлық осы даталарды жалпы идея біріктіреді, оның мәні ұлттық рухты, қазақ халқының ұлттық сананың ұшуын көрсету және өз мемлекетті құруға ұмтылуда жатыр. Бұл адамдар ұлттық абыройды құрметтеу құқығын, қазақ жерінің мемлекеттік және аумақтық тұтастығын қоғауға ұмтылды. Міне олардың есімдері: ұлы билеуші Кенесары хан, ержүрек және қайсар батырлар Махамбет, Исатай, Сырым, Есет және тағы басқалар.

Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткеннің батырлық парақтарын және өшпес қайғымен — ауқымдық саяси репрессиям, аштық және ұжымдастырумен толық өткен парақтарын өзіне алды. Қаншама күнәсіз сотталғандар мен жер аударылғандар атылып тасталған… Кеңес үкіметі қазақ зиялыларын, «Алаш Орда» қайраткерлерінің жарқын саңлақ топтары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мухаеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедовты репрессияларға ұшыратты. Осы қайғылы тізімде көптеген мемлекеттік қайраткерлер-де болды, оларТұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Садвоқасов, Жанайдар Садвоқасов, Нығмет Нұрмақов, Әлихан Ермеков, Жалау Мынбаев және тағы басқалар. Түркістан ұлттық қозғалыстың басшысы Мұстафа Шоқай қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы адамдардыңөмірі күреспен өтті.

Материалды ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұсынды.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?