Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич Самойлинің туғанына 106 жыл. Григорий Самойлин 1910 жылы Ресейдің Пенза қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматыда дүние салды. 1930 жылы Пенза қаласындағы театр студиясын бітірді. 1937 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласындағы қазіргі Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында аянбай көп жылдар бойы қызмет қылды. Оның сомдауымен Тәнеке (М.Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Нарымбет (Әуезов пен Л.Соболевтің «Абайында»), Долгий (Н.Погодинаның «Падь серебряная»), Глоба (К. Симановтың «Русские люди»), Митрофанов (А.Салынского «Барабанщица») т.б. сияқты әр алуан рольдерді орындады. Самойлиннің актерлік дарыны, әсіресе, өткір мінезді рольдерді орындау кезінде айқын байқалды.
Бүгін тарихта
24 жыл бұрын Әміре Қашаубаевқа арналған ескерткіш-құлпытастың ашылуы болды.
9 жыл бұрын ҚР мен Мысыр арасында Бейбарыс сұлтан мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастыққа қол қойылды.