Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заң қабылданды

- = -

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ауылдық округтер, кенттер әкімдерін сайлауын өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды

26274
Қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_#z91 ] 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000148_#z40 ] сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережелерi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы: 1) мемлекеттік басқаруды одан әрі орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдарды қолданысқа енгізгеннен және жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізгеннен кейін Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын белгілесін, ұйымдастырсын және кезең-кезеңімен өткізсін; 2) осы Жарлықта көзделген сайлау өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны мен тізбесін облыстардың әкімдерімен бірлесіп айқындасын. Ескерту. 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.07.08. N 1613 Жарлығымен [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001613_#z0 ] . 3. "Ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiн сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 23 маусымдағы N 633 Жарлығының [ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U010000633_#z0 ] 1-тармағының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 21, 259-құжат). 4. Қазақстан Республикасының Үкiметі, облыстардың әкiмдерi аталған сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiнде қажетті шараларды қолдансын. 5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығымен БЕКIТІЛГЕН